«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 808 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 808 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10620 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығында:

8-қосымшада:

16-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«16. Әскери қызметшіні әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органға жіберген кезде:

1) ұсыным;

2) мінездеме;

3) әскери қызметшінің баянаты;

4) қызметтік карточкадан үзінді;

5) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

6) әскери қызмет көзделген уәкілетті органның бірінші басшысы қол қойған мемлекеттік мекеменің хабарламасы.

Толтыру бойынша түсіндірме:

мінездемені рота командирі және одан жоғарылар жазады, команда бойынша бөлім командирімен келісіледі (күні, мөр, қолы және тегі мен аты-жөні қойылады);

қызметтік карточкада көтермелеулер мен жазалардың саны көрсетіледі. Алынбаған жазасы толық көрсетіледі (қашан, кім және не үшін жазалады);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.